Өзбекстанда тегін операция жасалып жатыр
Сурет: pixabay
Өзбекстанның Ферғана облысында созылмалы сырқаты бар 60 балаға кувейттік дәрігерлер тегін операция жасап жатыр.
Қайырымдылық акциясы 16 қаңтарға дейін жалғасады.
Балғындар аз қамтылған отбасынан шыққан. Жоғары білікті 20 дәрігер жеткіншектердің қалыпты өмірге оралуы үшін барын салып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Олар алдағы бірнеше күнде жүрек пен өзге де ішкі ағзаларға күрделі хирургиялық операциялар жасайды.
Ал Бұхара облысында алғаш рет күретамыр мен омыртқа арасындағы қан тамырын жалғайтын жасанды түтікше орнату операциясы сәтті аяқталды.
"Операция өте сәтті өтті, науқастың халі жақсы. Тиісті ем шараларды қабылдап жатыр. Дәл мұндай күрделі сипаттағы ота Бұхара облысында алғаш рет өткізілді. Болашақта сырқаты жанына батқан талай адамды құтқарамыз деген үмітіміз бар." Жасур Собиров, республикалық мамандандырылған хирургия ғылыми орталығының дәрігері
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript