Ұлыбританияда миллиондаған науқасқа операция жасалмай жатыр
Ұлыбританиядағы дәрігерлер бұған дейін де талай мәрте наразылыққа шыққан. Нәтиже болмаған соң медбикелер мен жедел-жәрдем қызметіндегілер бірігіп, бас көтеруге мәжбүр, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл 75 жылдық тарихы бар Ұлттық денсаулық сақтау қызметіндегі ең ірі ереуіл. Қымбатшылықтан қажыған мыңдаған адам жалақыны көтеруді талап етіп жатыр.
"Біз дегенімізге жетпейінше, көшеге шыға береміз. Үкімет салада ақша жоқ деп айтудың орнына жалақы мәселесін талқылап, шешуі керек." Итан Вон, медбике
Ал билік өкілдері жалақы өссе, сәйкесінше баға да көтерілетінін айтады. Денсаулық сақтау министрі 1 мың фунт, яғни 580 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлеммен көмектескісі келіп еді, қазынашылық бұл бастаманы бұғаттап тастады.
"Біз инфляция деңгейін төмендетіп жатырмыз. Нәтижеге қол жеткізгенде ғана жалақыны көтерудің қажеттілігі болмай қалады. Сәл шыдай тұру керек." Стив Барклай, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі
Британ ұлттық денсаулық сақтау қызметі бұған дейін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін тегін медициналық көмек көрсетіп келді. Бірақ қазір қауқарсыз. Ең қиыны, кезегін күтіп жүрген кейбір науқстар бақилық болып жатыр.