9 қаңтардағы түскі саудада доллар аздап арзандады
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,19 теңгені (-0,21) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,23 теңгені (-0,11) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 495,93 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 453,7-455,9 теңгеге, еуро 496-499 теңгеге, ресей рублі 4,91-5,05 теңгеге сатылуда.
Ал 9 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,75%-ға өсіп, барреліне 76,69 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,66%-ға өсіп, 71,24 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript