11 қаңтардағы түскі саудада доллар аздап төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,12 теңгені (-0,31) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 63,20 теңгені (+0,02) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 496,18 теңге, рубльді 5,07 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 453,3-455,3 теңгеге, еуро 497,5-500,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,13 теңгеге сатылуда.
Ал 11 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,26%-ға өсіп, барреліне 77 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,21%-ға өсіп, барреліне 71,52 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript