10 қаңтардағы түскі саудада доллар аздап өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 15:28 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,349 теңгені (+0,04) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,18 теңгені (-0,105) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 495,97 теңге, рубльді 5,02 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 454,1-456,1 теңгеге, еуро 495-498 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,11 теңгеге сатылуда.

Ал 10 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы наурыз фьючерстерінің құны 0,27%-ға өсіп, барреліне $77,80 дейін көтерілді.

NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,30%-ға өсіп, барреліне 72,46 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: