Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 21:53 Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алып жатқанда ұсталып, қамауға алынды.

Іс-құжаттарына сәйкес, аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені алғаны үшін де күдік келтіріліп жатыр.

Полиция өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын ескертті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: