Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропада электр қуаты мен газ қымбаттады

Еуропада электр қуаты мен газ қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 12:02 Сурет: Zakon.kz
Еуропада күн суытқалы электроэнергия қымбаттады. Ауа температурасы -44 градусқа жеткен Солтүстік Еуропа елдерінде тоқтың киловатт сағаты 1 еуродан асты.

Бұған дейін 9 цент болатын. Барынша үнемдегеннің өзінде норвегиялықтар үйін жылытуға бір тәулікте 100 еуро төлеуге мәжбүр. Сондай-ақ, қарт құрлық елдерінде көгілдір отынның бағасы да күрт көтерілді. Қазір газдың мегаватт сағаты 34 еуро.

Үкімет шұғыл шара қолданбаса дағдарыс күшейеді. Жаппай қымбатшылық. Тапқанымыз коммуналдық қызметке төлеуден артылмайды. Хуан Мотэ, Брюссель қаласының тұрғыны

Нарықтағы тұрақсыздықтың кесірінен баға шарықтай береді. Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ЕуроОдаққа Катардан сығымдалған табиғи газ тасымалы кешігетін болса жағдай тіпті қиындайды, дейді  тәуелсіз сарапшы Андриас Симсон.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: