Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады
Сурет: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар 12 қаңтарда Қазақстан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылауға және ұзақ сапарға шықпауға шақырады.
Өткен тәулікте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 158 рет шығуды жүзеге асырды, оның ішінде 65-і өрт пен жану оқиғаларына, 93-і іздестіру-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты.
Ведомство атап өткендей, 86 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді.
Бұған дейін ҚР Ғылым министрлігі қаңтардағы ҰБТ қатысушыларына үндеу тастаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript