Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 09:01 Сурет: gov.kz
2024 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары етіп Сұлтан Камалетдиновты тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған ресми құжатта. 

Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: