Шымкентте бейімдеу орталығынан жоғалған қыздарды полиция іздеп тапты
Сурет: otyrar
Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі қаңтардың 14-і күні кешке белгісіз бағытқа кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірімдер Алматыдан табылды.
Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты. Қазір, олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript