Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті

Полиция жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 21:03 Сурет: Zakon.kz
ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz. polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Ауа райының бұзылуы, көру мүмкіндігінің нашарлауы, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Қыстың басынан бері мыңнан астам рет, оның ішінде қаңтар айында үш жүзден астам рет жолдар жабылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және ұялы телефондарға хабарлама жіберу арқылы халыққа жолдардың нақты учаскелеріндегі жағдай туралы ақпарат жеткізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы учаскелерге полиция нарядтары қойылады. Қажет болған жағдайда олар автокөліктерді сүйемелдейді. Көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда патрульдік көлік маяктарды қосып, автокөліктердің алдына түсіп, басқаларға бағдар береді. Биыл жолдарды жабу барысында 15 мыңнан астам көлік құралдары сүйемелденді, қар үйінділерінен 433 адам, оның ішінде 44 бала және 117 автокөлік эвакуацияланды". ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев

Ведомство өкілі жолдарды жабу кезінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілерге айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылғанын да ескертті.

"Бір жыл ішінде бағынбау тағы қайталанса, он тәулікке дейін қамалады. Жолдарды жабу кезіндегі талаптарға бағынбағаны үшін жыл басынан бері сегіз құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды" - деді ол.


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның үш облысында жол жабылғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: