Жаңалықтар тізбегі
0

Роботтар үй шаруасындағы адамды толық алмастыруы мүмкін

Роботтар үй шаруасындағы адамды толық алмастыруы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2024 09:21 Сурет: pixabay
Таяу жылдары роботтар өндіріс орындарында ғана емес, үй жұмыстарында да адамды толық алмастыруы мүмкін. Оған Ақышта өтіп жатқан тұрыстық электроника көрмесі дәлел болса керек.

Лас-Вегас бір апта бойы өнертапқыштардың ордасына айналды. Биыл әлемнің түкпір түкпірінен жиналған іздемпаздар ауқымды көрмеге төрт мыңнан астам өнертабысын әкелген, деп жазады qazaqstan.tv.

Жасанды интеллектпен жабдықталған соңғы жетістіктер. Елеулі бөлігі үйдің күйбең тірлігін жеңілдететін құрылғылар. Мәселен, Адам деп ат қойылған мына робот кез-келген сусынды жасайды.Таптырмас даяшы. Себебі, тапсырыс берген адамның түр әлпетін есте сақтап, сусын дайын болғанда өзі жаңылмай әкеліп береді. Ал, мына құрылғы суды ауадан сүзіп алады екен.

"Біз бұл технологиялымызды кофе машинасына қолданамыз. Демек, кофе машинасы енді өзінің су резервуарын өзі толтырады. Сондықтан таңертең оянғанда су толтырып жүрмейсіз немесе кофе сатып алу үшін старбаксқа асығып уақыт пен ақша жоғалтудың қажеті жоқ." Коди Суден, өнертапқыш

Ал мына аппарат сұлулық салонына жиі баратын әйелдердің уақыты мен ақшасын үнемдейді. Нимбл атты машина тырнақтарды сканерлеп, түрлі формада әшекейлеп бояйды әрі кептіріп береді. Ал, телефонға қосылатын мына кішігірім құрылғыны ара немесе маса шаққан тұсқа бассаңыз ол жердің тітіркенуін азайтады дейді өнертапқыштар.

Бұл ит тәрізді роботтар үй жануарынан ақылдырақ. Себебі, жасанды интеллектпен жабдықталған төрт аяқты құрылғылармен сөйлесуге болады.

Әзірге ағылшын тілін түсінеді. Баспалақтардан сүрінбей, еркін еңсеретін әрі алпыс келілік заттарды көтеріп, бір метр терең суды оңай кешіп өте алатын құлтемірлерді құрылыста ауыр жұмыстарға жегуге болады дейді компания өкілдері. Ал, мына робот болса, үй жануарларын күтуге арналған. Тамақтандырып қана қоймай, тіпті ойнап, суретке түсуге де қабілетті.

"Ол итіңізді уақытылы тамақтың қажетті мөлшерін бере отырып қоректендіре алады. Қажет болған жағдайда итіңізді емдей алады. Ойынға тарта алады. Егер итіңіздің іші пысса немесе оған басқа жаттығу қажет болса, онымен доп лақтырып әкелдіріп, ойнайды." Арун Коол, өнертапқыш

Көрмеде ұшатын эректромобилдер де бар. Дизайны ерек көліктің проперллер қанаттары шанағынан әп сәтте тарала шығып жайылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме тек бизнес өкілдеріне арналған. Соның өзіне биылғы шараға жүз мыңнан аса көрермен келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: