17 қаңтардағы түскі саудада доллар өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,56 теңгеге көтеріліп, 452,95 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,77 теңгені (+0,16) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 491,14 теңге, рубльді 5,15 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 451,7-453,7 теңгеге, еуро 492-495 теңгеге, ресей рублі 5,03-5,17 теңгеге сатылуда.
Ал 17 қаңтардағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 1,39%-ға арзандап, барреліне 77,20 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 1,54%-ға арзандап, барреліне 71,40 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript