Өскеменде жүзден аса адам туристік компанияға алданып қалды
Өскеменде жүзден аса адам туристік компанияға алданып қалды. Алдын ала болжам бойынша тур агенттік тұрғындардан 100 миллион теңге жинап алған.
Шетелге саяхттағысы келгендердің ең азы бес жүз мың, ең көбі 5 миллион теңгеден берген, деп жазады qazaqstan.tv.
Көбі жолдаманы сатып алса да, шетелге шыға алмаған.
Алданғандардың арасында балалардың футбол командасы да бар.
Біз Түркияға жалпы 64 адам ұшуымыз керек еді. Оның 28-і футбол командасының мүшелері. Туристік компанияның директоры – Иринаға ұшақтың екі жақ билет құны үшін тоғыз жарым миллион теңге санап бердік. Бірақ сол беті сапарға шыға алмадық. Енді ақша да жоқ. Юлия Булина, қала тұрғыны
Жалпы туристік агенттік тұрғындардан 100 миллонға жуық теңге жинап алған. Алданған адамдар арызында көрсеткен компания директоры тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты қылмыстық Кодекстің алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деді Татьяна Карпова, Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.