Жаңалықтар тізбегі
0

Шенеуніктер 144 миллион теңгенің жерін заңсыз үлестірген

Шенеуніктер 144 миллион теңгенің жерін заңсыз үлестірген, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2024 13:58 Сурет: freepik
Атырау облысында Мақат ауданы әкімдігі мен жер қатынастары басқармасының жауапты қызметкерлері мемлекеттік жерді заңсыз бергені үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы 2024 жылдың 23 қаңтарында хабарлады:

Мақат ауданының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметінде жүргізілген тексеріспен мемлекеттік қызмет көрсету, міндетті конкурстық рәсімдерді елемеу және аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау кезінде елеулі бұзушылықтар анықталды.


"Мақат ауданы прокурорының актісі бойынша сауда-саттықтан тыс табысталған жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 га 3 жер учаскесі қайтарылды." Атырау облысының прокуратурасы

Сондай-ақ, сауда-саттықтан тыс жер учаскелерін заңсыз алған тұлғалар қатарында жер комиссиясының мүшелері де бар.

Мүдделер қақтығысына қарамастан соңғысы комиссия отырсында өзі қатысып, бұл жағдайды одан да қолайсыз етеді.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарларының бірі бюджетке тиісті төлемсіз кәсіпкерге жер учаскесін тегін берген.

Прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен аудан әкімінің екі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылса, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ӘҚБтК 137-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: