Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда медициналық мекеменің 33 қызметкері ұзақ уақыт бойы жалақысын алмаған

Ақтауда медициналық мекеменің 33 қызметкері ұзақ уақыт бойы жалақысын ала алмай келген. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2024 13:19 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, медициналық орталықтың жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешек өндірілді.

Қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығы ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.


"Осы негізде, облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 млн. теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: