Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыға өзге облыстан келіп, есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды

Есірткі таратқандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2024 14:16 Сурет: Zakon.kz
Қарағандылық полицейлер өзге облыстан қала орталығына келіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала орталығынан аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен 25 жастағы талдықорғандық азаматты ұстады.

Ұсталған азаматқа жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан ұнтақ тәрізді 30 орам зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 22 грамм синтетикалық психотроптық зат екені белгілі болды.

Жауап алу барысында күдікті Алматы облысының аумағында есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысқанын мойындады. Сондай-ақ оның қаңтар айының басында Қарағанды қаласына есірткіні жасыру арқылы таратуға келгені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: