Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да екі ауыл әлі қар құрсауында отыр

ШҚО-да екі ауыл әлі қар құрсауында отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 11:24 Сурет: pixabay
Шығыстағы Марқакөл ауданындағы Шанағаты мен Балықтыбұлақ ауылдары қаңтардың сегізінен бастап қар құрсауында отыр.

Бұл шағын елдімекендерге қатынайтын жол аудандық маңызда. Сондықтан оны қардан тазалау жергілікті коммуналдық мекеменің міндеті. Алайда аудандағы салаға жауапты мамандар ауыр техниканың аздығы қолбайлау екенін айтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Біз Төсқайыңдамыз. Марқакөлден осы ауылға дейін 100 шақырымдай. Екі елдімекеннің ортасындағы жолдың ашылғанына да бірнеше-ақ күн болды. Облыстық маңыздағы бағыттың қарын тазалау үшін 7- 8 техника мен оншақты маман күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеді. Кешелі-бері жолды кеңейтіп жатыр. Енді Марқакөл ауданының қарамағындағы Шанағаты мен Балықтыбұлақ бағыты ашылмай тұр. Біз жол тазалығына жауапты коммуналдық мекеме басшысынан жолды қардан тазалау неліктен ұзаққа созылғанын сұрған едік. Олжас Керейхан, тілші

Сол екі аралықты екі жақтан да техниканы жұмылдырдық. Енді бұйырса 1-2 күнде Шанағатыға жол ашылады.Одан ары Балықтыбұлаққа да ашамыз. Техникалар сынбай тұрмайды.Арасында сынық болып тұрады. Бір жағынан күннің қатты суықтығынан бүгін міне -45 градус болды. Оның өзі техникаларға ауыр тиіп тұр, - деді Бауыржан Диханбаев, "Марқакөл" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры.

Ауыр тисе де қолда бар техникамен қимылдап жатыр. Жолы ашылған ауылдардың ішіндегі көшелердің де қары ат бойындай. Оны тазалау да уақыт алады. Сондықтан облыстық шығыс жол мекемесінің техникалары да көмекке келетін болды. Ал Марқакөл өңірінде табиғи сыйпатта жарияланған төтенше жағдай әлі күшінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: