Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісайда 200-ге тарта шаруа мақтаның ақшасын ала алмай жүр

Жетісайда 200-ге тарта шаруа мақтаның ақшасын ала алмай жүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 11:41 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының Жетісай ауданында екі жүзге тарта шаруа күздегі өткізген өнімінің ақшасын ала алмай жүр. Қазір қордаланған қарыздың көлемі 600 млн теңгеге жуықтайды.

Ал мақтаны қабылдап алған зауыт қожайындары болса есіктерін тарс жауып, жұртпен сөйлесуден қалыпты. Төзімі түгесілген шаруалар енді мақта зауыттарының есігін торуылдап әлек, деп жазады qazaqstan.tv.

Жылысу ауылындағы шаруалар бүгін мақта қабылдау бекетінің алдына тағы жиналды. Ала жаздай еңбек еткендер күзде өткізген мақталарының ақшасын ала алмай жүр. "Енді несие алған қаржылық ұйымдар мен азық-түлік дүкендерге де қарызымызды қайтара алмай, жағдайымыз тығырыққа тірелді" деп отыр.

"8 тоннадай мақтамның ақшасына күніге барамыз. Ендігі апта аласың, арғы апта аласың дейді. Жеріміз де айдалған жоқ. Уже адамдар суғарып жатыр, су да бере алмай отырмыз. Халықтан қарыз алып, жан жақтан қарыз болып біттік уже."Бекжан Байтұрсынов, шаруа

Мырзашөлде сор шаю мен жер жырту жұмыстары басталғанымен мұндағы халықтың оған қолы қысқа. Қолында қаражаты жоқтар суға да ақша төлей алмайды. Техника жалдауға да жағдайы жоқ. Аудандағы биліктен де көмек болмай тұр деп ашынады.

"Былтырғы, алдыңғы жылғы еккен мақталарының ақшасын ала алмай жүрген адамдар бар осы жерде 3 млн- 4 млн-дап. Біреулердің үйінде ұн жоқ, біреулердің үйінде нан жоқ деген сияқты бара бара қарызға батып бара жатыр."Марат Нәлібаев, шаруа

Ашынған шаруалар бүгін де мақта қабылдайтын бекеттер мен зауыттарды аралап шықты. Бірі есігін ашпаса, енді бірінде тек күзетшілер қарауылдап қалған. Ал базбірінде мақтаны қабылдаған жауаптылар болғанымен беретін ақша жоқ деп қысқа қайырды.

Өзекті мәселеден жергілікті билік хабардар. Айтуларынша мақта зауыттарының басшылары бірінші желтоқсанға дейін қарыздан толық құтылуға уәде берген. Бірақ орындамапты. Енді төлеу мерзімін бірінші ақпанға дейін создырған.

"Бүгінгі таңға Жетісай ауданы бойынша 162 шаруаға 585 млн теңге қарыз. Енді олардың уәжі мақта сатылмай жатыр волокна, жақында сатылады құтыламыз деп отыр."Тұрышбек Елшібаев, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары

Шаруалардың жағдайына енді ғана аудандық прокуратура қызметкерлері назар аударды. Қадағалау орган өкілдері тегін қызмет көрсететін қорғаушылар тауып, диқандарға заңдық тұрғыда қолдау көрсете бастады.

"Ол адвокаттарға құжаттарын алып келіп, өткізсе, зауыттарға қатысты қарыздар туралы талап арызды жазуға көмектеседі. Сот барысында олардың құқықтарын қорғауға әрекеттер жасайды." Айдархан Жүнісбеков, Жетісай ауданының прокуроры

Шаруалардың қолында келісім шарт болған жағдайда ғана қарызды сот арқылы өндіруге болады. Берешек компаниялардың есепшоттары бұғатталады. Десе де күзден бері өнімінің ақысын ала алмағандар жақын арада қаржы беріледі дегенге сенбейді. Өйткені, өткен жылы да осындай мәселе туындаған. Оны шешуге Ауылшаруашылығы министрлігі араласса деп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: