Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды
Сурет: pixabay
Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды. Мамандар соңғы 3-4 күнде көл аумағынан өлексе таппаған.
Дегенмен әр жерде бірен-саран өлі құс кездесуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.
Бірақ көлге мұз қатқандықтан, оларды жинау мүмкін болмай тұр,- дейді жауаптылар.
Айта кетейін, Қарақия- Қаракөл қаумалындағы Қаракөл көлінде қыстап жатқан аққулар, желтоқсан айынан бастап жаппай қырылды.
Осы кезге дейін 1200 ге жуық өлексе жиналып, жойылған. Зерттеулер нәтижесінде қанаттылардың құс тұмауынан өлгені белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript