31 қаңтардағы аукционда доллар бағамы одан әрі төмендеді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 15:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,48 теңгеге төмендеп, 447,74 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,27 теңгені (-0,48) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 485,14 теңге, рубльді 5,03 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-450,9 теңгеге, еуро 488-491 теңгеге, ресей рублі 4,93-5,03 теңгеге сатылуда.

Ал 31 қаңтардағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,30%-ға арзандап, барреліне 82,25 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,31%-ға арзандап, барреліне 77,58 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: