31 мамырдағы аукционда доллар қымбаттауын жалғастырды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,01 теңгеге қымбаттап, 448,13 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,06 теңгені (+0,25) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 479,18 теңге, рубльді 5,53 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446-449 теңге, еуро 478-483,5 теңге, ресей рублі 5,4-5,55 теңге аралығында сатылуда.
Ал 31 мамырдағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 73,61 долларға дейін 0,14%-ға төмендеді.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,01%-ға арзандап, барреліне 69,45 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript