Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 10:40 Сурет: ҚР ІІМ
Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген.

Борышкердің берешегі 1,5 млн теңгеден асып кеткен.

Тұран АПБ-ның анықтаушылары оның бұрыңғы әйелінің арызы бойынша іс тіркеп, азаматты құжаттармен таныстырып, аталған құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірді.

Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі, ал балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың міндеті.

Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: