Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда жер сілкінісінің зардабын жою әлі жалғасып жатыр

Түркияда жер сілкінісінің зардабын жою әлі жалғасып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 12:23 Сурет: pixabay
Түркиядағы жер сілкінісінен бері бір жыл өтсе де, апаттың зардаптарын жою әлі жалғасып жатыр. Зілзаладан ең қатты қираған Хатай қаласында үйінділерді тазалау жұмыстары бүгінге дейін тоқтаған жоқ.

Халықтың басым бөлігі контейнер қалашықтарда қыстап отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Хатай қаласы жер сілкінісінен әлі толық есін жиған жоқ. Айналаның бәрі қираған үйлер, бұзылған көшелер, тау боп жатқан үйінділер. 250 мың халқы бар Хатай қаласы тұрғындарының жартысы әлі де контейнер қалашықтарда тұрады. Апаттан бері бір жыл өтсе де адамдар сол күнді еске алса көз жастарын тия алмайды.

"Біз жер үйде тұратын едік. Үйіміз құлады бірақ өзіміз аман-есен шықтық. Көршімнің ұлы мен жиені, екі немересі үйінді астынан шыға алмай қайтыс болды. Туғандарымыздай боп кеткен көршілеріміз еді. Сол күндерді сағынамыз." Мехмет, жергілікті тұрғын

Тұрғындарға әкімдік тарапынан бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Балалар ойнайтын алаң, шағын емхана да бар. Дегенмен контейнерде тұру әсіресе үлкен кісілер үшін оңай емес.

"Алғашқы екі-үш ай өте қиын болды. Далада қалдық. Шатырларда тұрдық. Содан кейін ғана контейнерлерге көштік. Біз сияқты үлкен адамдарға қиын. Үйімізді қатты сағынамыз. Мемлекет көпқабатты үйден жаңа пәтер береміз деп отыр, бірақ біз өзіміз тұрған үйдің орнына үй салып алғымыз келеді." Фатима, жергілікті тұрғын

Хатайда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Көпқабатты үйлерден бөлек, жер үйлер де салынуда. Бүгінге дейін 45 мыңнан аса жаңа пәтер берілген.

"Мемлекет тарапынан "Елу де елу" деген жоба бойынша үйлер беріліп жатыр. Яғни баспананың жартысын мемлекет төлейді, жартысын үй иесі өзі төлейді. 10 жыл бөліп төлеу мүмкіндігі де бар. Жыл соңына дейін 100 мыңнан аса жаңа пәтер беріледі." Мұстафа Масатлы, Хатай облысының губернаторы

Ғасыр алапаты деген атау берілген былтырғы жер сілкінісі Түркия халқына да, мемлекетіне де ауыр соққы болды. Бір ғана Хатайда 80 мыңнан аса үй қираған. Сондықтан апаттың зардаптарын жою жұмыстары әлі де жалғаса бермек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: