Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады

Жамбылда әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 13:50 Сурет: Zakon.kz
Жамбылда әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылса, енді 120 теңгеден саудаланады.

Бұған бірнеше себеп бар. Негізгісі - наубайханаларға әкімдік тарапынан беріліп келген дотациялық ұнның ақпан айынан бастап тоқтауы.

Оның үстіне, нан шығаратын нысандардың әбден тозығы жеткен. Құрылғыларын жаңартып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек.

Сондай-ақ кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, былтыр қарашада нан 120 теңгеге қымбаттап, артынша қайта 20 теңгеге түскен болатын.

"Егер де ұнның бағасы төмендеген жағдайда заң аясында монополия және сауда заңы аясында нарықта да нан бағасы төмендейтін болады. Сондықтан біз ерікті бағаны бүгінгі күнде көріп отырмыз." Аспандияр Сейсебаев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: