Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыды лай көшкіні жүрген орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласында жылжыма түскен орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 10:20 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі Тау-Самал ықшамауданында көшкін жүріп, тұрғын үйді басып қалған төтенше жағдай орнынан сурет жариялады. Кадрларда апаттық қызмет мамандары мен арнайы техниканың үйінділерді тазалап жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан, көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түсті. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.

Алматы қаласында жылжыма түскен орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 10:20

Сурет: gov.kz

Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.

Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатуда.

Алматы қаласында жылжыма түскен орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 10:20

Сурет: gov.kz

Ақпарат толықтырылатын болады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз.

Ақпанның 8-іне қараған түні "Тау-Самал" шағын ауданындағы Олимпийская көшесіндегі жеке тұрғын үйді көшкін басып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға топырақтың батпақтануынан болған. Төрт адамнан тұратын отбасын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шұғыл жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: