Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды

Шымкентте екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 13:13 Сурет: pixabay
Шымкентте полицейлер екі баласын өлтірді деген күдікпенолардың анасын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер екі баласын өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД басшысы Мұрат Қабденов мәлім етті.

Облыстың бас полицейінің айтуынша, әйел Шымкенттегі қонақүйлердің бірінен табылған. Күдікті ретінде қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Күдікті әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің, көршілес облыстар мен мегаполистердің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Толық мән-жайды анықтау мақсатында кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің тергеуі менің жеке бақылауымда". Мұрат Қабденов, Түркістан облысы ПД басшысы

Түркістанда екі бала өлі табылды деген ақпарат 7 ақпанға қараған түні әлеуметтік желілерде тарай бастады. Анасы өз балаларын жастықпен тұншықтырғаны белгілі болды. Кейін белгілі болғандай, айуандық жасады деген күдікке ілінген әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданында, Пушкин атындағы №46 лицей-мектебінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бұл туралы аудандық білім бөлімінен хабарлады.

Бүгін Динара Зәкиева екі баланың өліміне қатысты істің жаңа мәліметтерін айтты. Балалар омбудсменінің айтуынша, Қызылорда облысының тумасы Түркістанға келіп, пәтер жалдап, кейін туыстарына балаларын өлтіретінін айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: