Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 12 ақпанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды үндеу жасады. Ол қолайсыз ауа-райында адамдарды құтқарып қалған қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы марапатқа ерекше көзге түскендерді ұсынуға уәде берді.

"Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

"Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды", - деп жазылған ақпаратта.

Өткен аптадан бері елде қолайсыз ауа райы сақталып келеді. Қарлы боран мен нөлден төмен температура қазақстандықтар үшін көптеген қолайсыздықтар туғызуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: