Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

Түркістан облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 13:34 Сурет: pixabay
Түркістан облысының Шардара су қоймасынан электр құрылғысын пайдалану арқылы балық аулап жүрген бркаоньерлер ұсталды.

Өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары кезекті тексеру шарасын жүргізу кезінде ешбір рұсатсыз балық ұстаумен айналысып жүрген жергілікті тұрғындарды анықтаған.

Браконьерлер мінген Нива автокөлігінен үш қап әр түрлі балық табылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар, 3 қайық пен электр құрылғылары тәркіленді. Қадағалау орган өкілдері су қоймасының тыйым салынған жерінен заңсыз балық ұстап жүрген тағы бір топты қылмыс үстінде қолға түсірді. Олардан да маторлы қайық пен электр құрылғысы табылған.

Ал жигули автокөлігінен 100 келіден астам әр түрлі балық шыққан.

Қазіргі таңда екі жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Прокурорлардан қашып үлгерген үш браконьер іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы табиғат қорғау прокурорларымен заңсыз балық аулаудың 23 дерегі тіркелген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: