Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда газ құбырларынан 48 ақау анықталған

Алматыда газ құбырларынан 48 ақау анықталған, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2024 13:22 Сурет: Zakon.kz
Алматы мен Шымкент, Тараз бен Талдықорған және Түркістан қалаларында газ құбырлары түгел тексеріліп жатыр. Өйткені, Алматыда болған 5 балдық жер сілкінісінен кейін әр жерлерде көгілдір отынның сыртқа шығып жатқаны белгілі болған. 3 аптаның ішінде бас-аяғы 48 ақау анықталыпты.

Егер газ құбырынан артық көгілдір отын сыртқа шықса, дәл осындай дабыл дыбысы белгі береді. Мамандар, техникалық жабдықталған көлікпен қаланың әр бұрышын екі аптадан бері жіті тексеріп жүр. Жылдам жүруге болмайды, құрылғы ақауды анықтап үлгермейді, - дейді.

Бұл жолы таңертең Алматының қақ ортасындағы мына 5 қабатты үйдің сыртындағы газ құбырының жалғанған жері босап кеткені анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

"ҚазТрансГаз" аймақтың тарапынан бізге екі жылжымалы зертхана жіберілді, 29-шы қаңтардан бастап жұмысқа кірісті екі лобаратория сол уақыттан бастап 14 ақпан аралығында 935 жобалаған шақырым газ құбырынан 485-ті біз тексеріп өткіздік, соның ішінде 38 ақау табылды, қазіргі таңда 31-і жөнделді. Ақылбай Сапаров, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының директоры

Алматыдан бөлек, тексеріс оңтүстік облыстарда түгел жүріп жатыр. Өйткені, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде болған еді.

"Жер сілкінісінен кейін оңтүстік өңірлерде: Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Түркістан қалаларында тексеріп жатырмыз. Қазір жоспар бойынша 3мың 500 шақырым газ құбырын тексеру керекпіз. Қазір 800-ін тексердік. Сол 800 шақырымның 48 жерінен ақау шықты." Сәлім Нағым, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас Директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

Осылай қауіптің алдын алып жатқан мамандар, жер астындағы құбырды да тексеруде. Сағатына небәрі 5 шақырым жылдамдықпен жүріп, ақауды анықтай аламыз деген олар, күніне асып кетсе 30 шақырым аумақты бақылап үлгереді. Сондықтан, бір ғана Алматыдағы әлі тексерілмеген 450 шақырым газ құбырының қалай жұмыс істеп тұрғанын осы айдың 24-не дейін аяқтайды. Ал газдың иісін сезген тұрғындарға оттық жақпай, бірден бөлмені желдетіп, 104 нөміріне хабарласуды сұрап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: