Алматы облысында төрт баланы азаптаған күдіктінің ұсталған сәтінің кадрлары пайда болды
Сурет: Instagram/baurzhan__alenov
Алматы облысында арнайы операция өтті. Тәртіп сақшылары балаларды азаптаған күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан түсірілген кадрларды облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция басшысы күдіктінің қамауға алынғанын айтты.
"Қазіргі уақытта ол аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде". Бауыржан Әленов
Ұстау операциясы Алматы облысының Қарасай ауданында өтті.
"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деп қосты Әленов.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-баптың ережелеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript