Жаңалықтар тізбегі
0

Германияда жазасын өтеушілер ел бюджетіне 19 млн еуро пайда әкелді

Германияда жазасын өтеушілер ел бюджетіне 19 млн еуро пайда әкелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 14:10 Сурет: Zakon.kz
Германия түрмелерінде жазасын өтеушілер мемлекеттік бюджетке 19 млн еуро пайда түсірді. Елдің түзету мекемелеріндегі цехтарда қылмыскерлер киім-кешек тігіп, жиһаз жасап, сатылымға шығаруда.

Онлайн, оффлайн дүкендерде қылмыскерлердің қолынан шыққан тауарларға сұраныс артқан.

Германия түрмелеріндегі 12 өндірістік цехта жұмыс қауырт. Ұннан түрлі тәттілер пісіретіндер, киім-кешек тіккіштер мен ағаш пен металдан жиһаз жасаушылар бір-бірімен өзара бәсеке. Жазасын өтеушілерді жұмыс істеуге ешкім мәжбүрлемейді. Өз еркімен аптасына 37 сағат еңбектенгендер айына 250 еуро жалақы алады.

"Цехта жұмыс істесең уақыт өтеді, әрі ақша табасың. Жазамды өтеп болғаннан кейін өз кәсібімді ашамын. Салық төлеп, бұдан былай мемлекетке тек пайдамды тигізгім келеді." Вольфганг Безель, жазасын өтеуші

Кішкентай балалардың аяқ-киімі, құстарға арналған үйшік, Наполеонның сүйікті креслосының көшірмесі. Қылмыскерлердің қолынан шыққан бұйымдар түрменің жанындағы дүкенге қойылған.


"Жазасын өтеушілер жасаған заттардың сапасы өте жақсы, бәсекеге қабілетті. Нарықтағыға қарағанда әлдеқайда арзан. Біздің мақсатымыз-пайда табу ғана емес, оларды еңбекке баулу арқылы, бостандыққа шыққанда қоғамнан өз орындарын табуға жігерлендіру." Клаус Саккер, түрме қызметкері

Түрменің интернет дүкеніне де 1,5 мың тауар түрі қойылған. Ең арзаны-30 цент, қымбаты-800 еуро тұрады. Кәдесыйлар, әшекей бұйымдары, таза былғарыдан тігілген аяқкиімдерге сұраныс көп. Қылмыскерлер мемлекеттік мекемелерге кеңсе жиһаздарын, BMW, Mercedez компанияларының тапсырысымен көліктің қосалқы бөлшектерін те жасап отыр. Өз қолдарынан шыққан бұйымдарды саудалау арқылы былтыр мемлекеттік бюджетке 19 млн еуро пайда түсірген жазасын өтеушілер биыл кірісті екі еселеуге күш салмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: