Павлодар облысында жылқыны аман алып қалу үшін қарызға жем беріледі

Павлодар облысында жылқыны аман алып қалу үшін қарызға жем беріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2024 14:42 Сурет: pixabay
Тебіндегі жылқыны аман алып қалу үшін Павлодар облысында арнайы бағдарлама әзірленді.

Кейбір жайылымдарда мұзқатқақтар пайда болды. Бұл жылқылардың тебіндеуіне және басқа да малдарды жайылымға шығаруға қиындық туғызып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасымен, жемдік астықты тауарлық несие ретінде беретін өңірлік бағдарлама әзірленді.

Оны осы жылдың 1 қарашасына дейін ақшалай немесе астықпен өтеуге болады. Тауарлық несие кепілсіз және сыйақы есептелмей беріледі. Оны алу үшін аудан әкімдіктеріне хабарласу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: