Америкалық журнал туристерге Қазақстанда демалу жайлы кеңес берді

Америкалық журнал туристерге Қазақстанда демалу жайлы кеңес берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2024 12:41 Сурет: pixabay
Американың Travel Leisure журналы туристерге Қазақстанда демалу жайлы ақпарат беретін материал жариялады.

Автор ең алдымен елімізді 131 ұлт өкілі тұратын көп мәдениетті мемлекет деп атаған.

Содан кейін ол Қазақстанға сапарды Астанадан бастауды ұсынып, мұндағы Ұлттық музейге, Опера театрына, Хан Шатырдағы Sky Beach клубына баруға кеңес береді.

Одан әрі журналист саяхатшыларды екі күнді Шымкент пен оның төңірегінде, соның ішінде Ақсу шатқалында өткізуге шақырған.

Сапарының төртінші күнін америкалық тілші түркі әлемінің рухани астаналарының бірі Түркістанда өткізіп, бесінші және алтыншы күндерін Алматыға арнаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Репортер Көктөбедегі аспалы жолды және Үлкен Алматы көлін тамашалауға тұрарлық жерлер деп сипаттаған.

Сөз соңында шетелдік тілші 7 күндік сапарды Шарын шатқалында аяқтауды ұсынып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: