Жаңалықтар тізбегі
0

"Westoil Software" компаниясы ереуілге шыққан жұмысшыларға маңызды ескерту жасады

Westoil Software компаниясы ереуілге шыққан жұмысшыларға маңызды ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2024 13:35 Сурет: freepik
21 ақпанда "Westoil Software" ЖШС басшылығы заңсыз ереуілге қатысушыларға үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 11 желтоқсаннан бері негізінен жүргізуші мамандығы бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің заңсыз ереуілі жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Қарақия аудандық соты ереуілді заңсыз деп тану туралы шешім шығарған болатын. 2024 жылғы 24 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен Қарақия аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Компания соттың шығарған шешімін ереуілге қатысқан барлық қызметкерлердің назарына жеткізді. Маңғыстау облыстық сотының қаулысы жария етілген сәттен бастап шешім заңды күшіне енгенін атап өткен жөн", - деп жазылған ресми құжатта.

Кәсіпорын аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан компания күн сайын шығынға ұшырайтынын, мысалы осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде компания күн сайын 900 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады.

"Сонымен қатар, тапсырыс беруші тарапынан "Westoil Software" ЖШС өзіне қабылданған шарттық міндеттемелерді орындамауы және Тапсырыс берушіге тәулігіне 23 миллион теңгеге дейін шығын келтіруі туралы сотқа дейінгі шағымдар қойылды, бұл талап күн сайын артып келеді. Осыған қарамастан, бірнеше ай бойы "Westoil Software" ЖШС ереуілге шыққан қызметкерлермен татуласу және құқықтық саладағы жағдайды шешу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауда. Бүгінгі таңда 94 қызметкер өз еркімен жұмысқа қайта оралды, оларға ешқандай жаза қолданылған жоқ", - деп атап өтті "Westoil Software" ЖШС.

Компания басшылығы бірнеше рет қызметкерлерге еңбек міндеттемелерін орындау және жұмысқа оралу туралы өтініш жасады. Бүгін "Westoil Software" ЖШС өкілдері қызметкерлерді заңсыз ереуілді тоқтатуға және жұмыс орындарына шығуға шақырды.

"Сонымен қатар, күн сайын өсіп келе жатқан шығындарға, сондай-ақ Тапсырыс берушінің талаптарына байланысты басшылық ереуілге қатысушыларға компанияның қаржылық жағдайы сын көтермейтіндігін және ағымдағы жылдың 24 ақпанынан кейін қызметкерлердің жұмысқа шығуын күту мүмкін еместігін хабарлады", - деп жазылған ресми хабарламада.

Жұмысқа қайта оралып, өз міндемелерін атқаруға шешім қабылдаған қызметкерлерге ешқандай жаза қолданылмайтынына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, қызметкерлер көрсетілген мерзімде жұмысқа шықпаған жағдайда, компания заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығымен заңнамаға сәйкес еңбек шартын бұзуға және Маңғыстау облысының Қарақия және басқа да аудандарында жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан мамандарды жұмысқа қабылдауға мәжбүр болатыны айтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: