Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада есірткіні жасырын қойып кетуші анықталды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2024 16:14 Сурет: Zakon.kz
Елордалық полицейлер "Дәрмек" ЖПІШ өткізу барысында есірткі затын сақтауға және өткізге қатысы бар ер адамды анықтады.

Жедел басқару орталығының операторы күндізгі уақытта қала сыртына шығып бара жатқан автокөлікті байқаған, аталған көлік жүргізушісі көлігінен шығып, күмән тудыратындай әрекет жасаған.

Оқиға болған орынға патрульдік полиция полкінің экипажы жіберілген. Полиция қызметкерлері есірткіні жасырын қойып кеткен қала тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында сол маңайдан ақ-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 67 полиэтилен ораманы анықтап, тәркіледі.

Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында "мефедрон", "альфа PVP", "гашиш", "канабис майы" сияқты жалпы салмағы 2,5 келіден асатын есірткі мен 3 дана электрондық таразы табылып, тәркіленген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордада жыл басынан бері камералар көмегімен 423 қылмыс ашып, 4292 әкімшілік құқық бұзушылықтықты анықтады. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында цифрлық инновацияларды енгізу және дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: