Алматыда 10-нан астам шетелдік азамат жауапқа тартылды

Алматыда 10-нан астам шетелдік азамат жауапқа тартылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 13:25 Сурет: polisia.kz
Алматының көші-қон қызметі хабарлағандай, қалада мақсатты рейдтер нәтижесінде екі күннің ішінде 103 шетелдік ұсталды.

Оның 50-і жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды.

Сонымен қатар 13 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 шетелдік азаматқа қатысты тексеру жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Алматы қалалық ПД-ның көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында жергілікті іс-шара жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: