Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы қамыс өртенген аумақ үлкейіп барады. 2 наурызда тұтанған от мың гектар жерді шарпып үлгерген.
Төтеншеліктер бар күшін салып өртпен арпалысып-ақ жатыр. Тілсіз жаумен күреске тікұшақ та тартылған. Ал жанып жатқан жердің батпақты болуы, сондай-ақ өрт ошағына апарар жолдың жоқтығы апаттың алдын алуды қиындатып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Аңшылар болсын немесе балықшылар тамағын пісіретін болса, орнын өшірмей кетеді. Қабан және басқа да аңдарды шығару үшін қамысты өртеуі мүмкін", – деді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов
Айта кетейік, өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Қазір аумақта 40 шақты адам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Төтеншеліктердің айтуынша, 20 гектар аумақта қамыс бықсып жатқан көрінеді. Әзірге елді мекендерге қауіп жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript