Астана мен Алматы көшелерінде көлік кептелісі болып жатыр

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, яғни 7 наурызда кешке Астана мен Алматы қалалары жолдарында үлкен кептеліс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Яндекс. Карта" сервисінің деректері Астанада 9 балдық, ал Алматыда 10 балдық көлік кептелісі көрсеткішін көрсетіп тұр.

Сурет: Zakon.kz
Қос қалада такси бағасы шамамен үш есеге өсті.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Алматыда 2024 жылы 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінісі болып, одан соң жолдарда 10 балдық кептеліс орын алып, такси бағасы да шарықтап шыға келгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript