Бүкіл Алматы көлік кептелісі құрсауында қалып кетті
Фото: pixabay
Алматы жолдарында 10 желтоқсанда кешке жүру мүмкін болмай қалды: көлік мониторингі сервистері 10 балдық кептелісті тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған ауа райының күрт нашарлауы және көктайғақ түрткі болды.
"2ГИС" қосымшасындағы ақпаратқа сәйкес, бүкіл қала кептеліс құрсауында қалып кетті.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД қолайсыз ауа райы орын алатынын ескерткен болатын. Дауылды ескертуге сәйкес, 11 желтоқсанда Алматы жолдарында көктайғақ болып, ал таулы аудандарда ерекше қиын жағдайлар туындайды. Тау бөктерінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 24-29 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында -25°С-ге дейін қатты аяз болады деп болжанады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript