11 наурыздағы түскі саудада доллар өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,82 теңгеге көтеріліп, 448,91 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,28 теңгені (+0,29) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 487,32 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,7-451,7 теңгеге, еуро 490-494 теңгеге, ресей рублі 4,85-4,97 теңгеге сатылуда.
Ал 11 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 81,54 долларға дейін 0,66%-ға төмендеді.
Сәуірдегі WTI фьючерстері 0,72%-ға төмендеп, барреліне 77,45 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript