Түскі саудада доллар өсті

Түскі саудада доллар өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 15:42 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге көтеріліп, 447,15 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 61,69 теңгені (+0,16) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 484,87 теңге, рубльді 4,81 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,7-448,5 теңгеге, еуро 485-489 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,89 теңгеге сатылуда.

Ал 10 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны барреліне 89,57 долларға дейін 0,17%-ға өсті.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,19%-ға өсіп, барреліне 85,39 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: