Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік белсенді азаматтар Елбасы резиденциясын өзге мақсатта пайдалануды ұсынды

Шымкенттік белсенді азаматтар Елбасы резиденциясын өзге мақсатта пайдалануды ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 09:16 Сурет: primeminister.kz
Шымкент қаласының белсенді азаматтары дендросаябақ ішіндегі Елбасы резиденциясын өзге мақсатта пайдалану туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені демалыс орны көптен бері бос тұр. "Оның үстіне нысанды күтіп ұстауға қазынаның қыруар қаржысы жұмсалуда",-дейді қоғамдық кеңес мүшелері.

Осыны ескере келіп, олар резиденцияны сал ауруына ұшыраған балаларды оңалту орталығы ету керек деген ортақ шешімге келді. Қоғамдық кеңес алдағы уақытта осы ұсынысты негіздеп, тиісті орындарға жолдайтын болады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Осы резденцияға бүгінгі таңда актуальность жоқ. Ол бұрын "Риксос" жоқ, басқа қонақүйлер жоқ кезде Елбасы, үлкен қонақтар келгенде демалатын жер деп салған. Қазір енді қалада небір демалатын жер бар ғой қалада. Мұны халыққа, жалпы қолданатын орынға айналдыру керек." Мырзахмет Сынабаев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі

Денросаябақ ішіндегі резиденция Тәуелсіздік жылдары ішінде салынған нысан. Оны күтіп-ұстауға жыл сайын қанша қаржы жұмсалатынынан жергілікті атқарушы органдар бейхабар. Өйткені, аумақ толықтай қоршалып, күзет қойылған. Және ол қала меншігіне кірмейді.

"Ол жерде 8 гектар аумақ, резденцияның аумағы болып бекітілген. Енді 1 гектар жерінде құрылыс болуы мүмкін. нақтысын білмеймін. Өйткені ол жер режимный объект." Әбілқайыр Оңғар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: