Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары

Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 11:44 Сурет: pixabay
Елімізде 200-ден астам елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастады. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген.

Осы айдың соңына дейін кей өңірде жауын-шашын мол болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, қауіп күшейе түседі. Дегенмен, төтенше жағдай мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр. Халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген.

Елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: