Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында сексеуіл алқабы ұлғайып келеді

Түркістан облысында сексеуіл алқабы ұлғайып келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 13:53 Сурет: wikimedia
Түркістан облысында сексеуіл алқабы күннен күнге ұлғайып келеді. Қазір Қызылқұм қорықшылары 3 мың гектар жерге 3,5 миллион дана көшет отырғызып жатыр.

Орманшылар бес жылда мұнда 41 миллион түп сексеуіл егіп, бірнеше миллион дана тұқым сеппек. Табиғат жанашырлары осылайша Президент жолдауында айтылған жасыл желек аумағын арттыру ісіне атсалысып жатыр.

Қызылықұм алқабында арнайы техника тізгіндеген механизаторлардың бірі Сәкен Білтебаев күндігіне шамамен 60-70 шақырымдай жерге көшет егеді. Басты мақсат техника қауіпсіздігі. Өйткені арнайы соқада көшет егіп екі орманшы отырады.Сондықтан сақтық шарасы бірінші орында.

"Күзде сексеуіл ұрығын шашамыз көктемде көшет отырғызамыз. Техника барлығы жаңа техника жүрісі қауіпсіздік бірінші кезекте артымызда адам болады қарап отырамыз. Техника жақсы жаңа күніне 60 шақырым тоқтамай жүреді. Май су жеткілікті. Техника жаңалығынан жұмыс жақсы жүріп жатыр." Сәкен Білтебаев, механизатор

Президент Жолдауында айтылған жасыл желек аумағын арттыру мақсатында отырарлық орманшылар бес жылдық жоспар жасаған. Кешенді шара аясында жеті мыңға жуық гектар алқапқа көшет отырғызып, 26 мың гектарға сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізбек. Сексеуіл көшетін егу науырыз-сәуір айлары өте қолайлы уақыт дейді мамандар. Өйткені жауын-шашын жауып, жерде ылғал мол болғанда тезірек өсіп шығады.


"1-2 жылдық көшеттер бұл. Жергілікті дәнедерін теріп арнайы тұқымбақтарды дән сеуіп өсіреміз. 2 жылдан кейін арнайы дайындалған жерге апарып отырғызамыз. Мынаның көріп тұрғандай бойы 25 см тамыры сапасы өте жақсы." Лесбек Бекбосынов, Байырқұм орман шаруашылығының қызметкері

Табиғат қорықшыларының айтуынша, сексеуіл құм көшкінен сақтап қана қоймайды. Аң-құстың паналауына жағдай жасап жер құнарын арттырады. Әрі орман алқабын кеңейгендіктен, қызыл кітапқа енген аң-құстарының да саны арта түседі - дейді орманшылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: