Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда тұрғындары көлік салығы бойынша 1,6 млрд теңге қарыз

Елорда тұрғындарының көлік салығы бойынша 1,6 млрд теңгеге жуық қарызы бар , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2024 11:37 Сурет: Zakon.kz
Астана қалалық Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 наурызына қала тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 1 млрд 563 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарызы бар көшбасшылар тізімін Алматы ауданы 660 млн теңгемен бастап тұрса, артынша Сарыарқа ауданы 362 млн теңге және Байқоңыр ауданы тұрғындарының мемлекетке 235 млн теңге берешегі бар.

Айта кетейік, жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 сәуір күні аяқталады. Салық тұрғылықты жері бойынша төленеді.

Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы есептеу құралының көмегімен дербес есептеуге және "e-Sally Azamat" мобильді қосымшасында төлеуге болады. Сонымен қатар, төлем жүйесі екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында да қолжетімді.

Бұл ретте, бір автомобиль бойынша қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ге дейінгі көлік салығын төлеуден ардагерлер, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Epi" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, көп балалы аналар, мүгедектер босатылады.

Елорданың Мемлекеттік кірістер комитеті салық бойынша берешегі 1 АЕК-тен асатын автокөлік иелерін жеке сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша қолайсыздықтарды болдырмау үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады.

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады.

1 АЕК (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан соң, 30 жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде шығады және борышкерге жіберіледі.

Берешек табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: