Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Халық қалаулысы ШҚО-дағы ауруханалардың бірінің жағдайын сынға алды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Халық қалаулысы ШҚО-дағы ауруханалардың бірінің жағдайын сынға алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 14:22 Сурет: Facebook/Әділ Пшенов
"Әділдік жолы" РҚБ Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Әділ Пшенов Глубокое ауданындағы аурухананың жағдайын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Facebook парақшасында бұл медициналық мекеменің ашылғанына 10 жыл болғанын айтты.

"2012 жылы "Кумаров и К" компаниясы құрылысты бастаған болатын. Бірақ біраз уақыттан кейін компания басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартты. Құрылыс жұмыстарын аудан әкімінің әкесі басқаратын "Элхон" ЖШС жалғастырды. Ол кездегі басшысы Л. ш. Тумашинов болатын. Аталмыш құрылыс компаниясы нысанды салып, 2014 жылдың тамызында пайдалануға берді. Аурухана құрылысының сомасы 2 млрд теңге болды.",- деді Пшенов.

Бір қызығы ғимарат тапсырылған соң, екі жылдан кейін аурухана қабырғалары жарылып, іргетасы отыра бастаған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Халық қалаулысы ШҚО-дағы ауруханалардың бірінің жағдайын сынға алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 14:22

Сурет: Facebook/ Әділ Пшенов

Сыбайлас жемқорлықпен күресуші тіркеген фотосуреттерде анық көрінеді:

  • Іргетастан шатырға дейінгі жарықтары;
  • Іргетастың шөгілуі;
  • Жерге төселген плиткалардың сынуы немесе мүлдем орнында болмауы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Халық қалаулысы ШҚО-дағы ауруханалардың бірінің жағдайын сынға алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 14:22

Сурет: Facebook/ Әділ Пшенов

Әділ Пшенов бұдан бөлек келесі көріністерді де тізді:

  • Ас блогының ғимараты апатты деп танылған, шамамен бір жыл бойы ғимарат жабылып, науқастар кафеден тамақтандырылады;
  • Сондай ақ қызметкерлердің айтуынша апатты жағдайда аурухананың мәжіліс залы да бар;
  • Желдету жүйесі жұмыс істемейді;
  • Аурухананың айналасындағы асфальт жағдайы да нашар, кейбір жерлерде ол мүлдем жоқ.

Сонымен қатар автор ШҚО антикорына және прокуратурасына жағдайға назар аударып, тексеру жүргізулерін өтінді.

Жазбаны Глубокое ауданының әкімдігі назардан тыс қалдырмапты. Олар 2012 жылы "Кумаров и К" компаниясы құрылысты бастағанын растады және олар нысанның іргетасын және бірінші қабатын салғанын айтты.

"Содан кейін мердігер сот ісін бастады және кәсіпорын аурухана салу жұмыстарын жалғастыра алмады. Құрылысты аяқтау үшін "Элхон" ЖШС тартылды. Бұл кәсіпорын бұрын басталған құрылыс жұмыстарын аяқтады, сондай-ақ 2015 жылы өз қаражаты есебінен аурухананың іргетасына нығайту жүргізді. Оны құрылыстың басында "Кумаров и К" ЖШС жасаған болатын. 2023 жылы Глубокое аудандық ауруханасының әкімшілігі ғимаратқа техникалық сараптама жүргізді. Техникалық қорытынды берілді", - деп хабарлады әкімдік.

Осы қорытындының негізінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет.

"Аурухана әкімшілігі ШҚО денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім беріп қойған. Мәселе қаралуда", - деп жазба астындағы пікірді толықтырған.

Сонымен қатар, пациенттерге арналған тамақтану мәселесінің де мән-жайын айтты:

"Тамақ дайындауды аурухана аутсорсингке берді. Тамақ барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, сертификатталған ыдыста жеткізіледі".

Қорытындылай келе, әкімдік 2024 жылдың ақпан айында Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов аурухананы аралап, барлық проблемалық мәселелермен танысқанын хабарлады. Нәтижесінде, жазда демеушілік қаражат есебінен аудандық аурухананың кіру тобын жөндеу туралы шешім қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: