Шымкентте полицейлер толғағы келген әйелге шұғыл көмек көрсетті

Шымкентте полицейлер толғағы келген әйелге шұғыл көмек көрсетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 12:24 Сурет: pixabay
Қала көшелерінің бірінде қызмет атқарып тұрған патрульдік полицейлерден ер адам көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын айтты.

Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, көлікке жол бастап жүру арқылы перзентханаға жеткізді.

Ер азамат біреудің басына түскен іске бей-жәй қарамай, адамгершілік танытқан офицерлерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері азаматтарға кез келген жағдайда көмек көрсететінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: