Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ есірткі таратуға қатысы бар қылмыстық топтарға тосқауыл қойды

ІІМ есірткі таратуға қатысы бар қылмыстық топтарға тосқауыл қойды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 09:24 Сурет: ҚР ІІМ
Есірткіні байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы және Семей қалаларында каннабис тобының есірткі заттарын сатумен айналысқан алматылық тұрғындар ұсталды.

Гашиш пен марихуананы сату Telegram қосымшасы арқылы жүзеге асырылған. Топты ұйымдастырушы чат құрып, онда гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған. Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтаумен, дозаларға бөлумен, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдаумен және жасырумен айналысқан.

Қылмыстық топқа қатысушылар қамауға алынып, ұйымдастырушыға іздеу жарияланды. Жалпы бір килограмнан астам гашиш тәркіленді. Орал қаласында тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан.

Олардан 540 грамм гашиш тәркіленді. Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған.

Жыл басынан бері ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 20 есірткі зертханасын жойды, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген. Олардан пайдалануға дайын 129 кг синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді.

Сонымен қатар 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді. Биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, оның ішінде екеуі трансұлттық топ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: