Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясы төрт пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 15:18 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясының қызметкерлері пәтер тонауға маманданған қылмыстық топты құрықтады.

Ұстау іс-шарасын криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасағы мен Алатау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдерінің көмегімен жүргізді.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі белгілі болды.

"Күдіктілер стандартты тізбек бойынша әрекет еткен. Үй иелерінің үйде жоқтығын тексеріп алып, олар кілтті таңдау арқылы үйге кірді. Олар байқатпай әкетуге болатын барлық заттарды – алтын бұйымдарды, ақшаны және тұрмыстық заттарды алып кетті. Соңғы қылмыс қаланың Алатау ауданында тіркелді: күдіктілер пәтерге кірген соң бөтен адамның зергерлік бұйымдарын алып кеткен", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Күдіктілер – 28 жаста. Екеуі де Алматы облысының тумасы, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта "қылмыстық дуэттің" мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: